Атырау оқушыларында 3D-модельдер жасап үйрену, роботтар құрастырып, ойын және көптеген басқа да нәрселер жасау мүмкіндігі пайда болды. «Заңғар» жобасының шеңберінде ниет білдірушілердің барлығы тегін оқи алады.
«Заңғар» әлеуметтік жобасын Атырау қаласының жастарды дамыту бағдарламасы шеңберінде Халықаралық Жастар форумының және қалалық әкімдіктің қолдауымен «Шеврон» компаниясы жүзеге асырады. Бағдарламаның екіжылдық пилотты жобасы атыраулық жастарды STEM-білім беру (STEM - Science, Technology, Engineering and Math) жүйесі бойынша жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия мен математика саласында оқытуды қарастырады. Күзгі каникул кезінде Абай атындағы №15 мектептің оқушылары «Bolashak Engineering» ЖШС-нің тәжірибелі оқытушыларынан құралған командасының қарқынды STEM-білім беру курстарынан өтті. Балалар SOLIDWORKS бағдарламасы бойынша 3D модельдер жасауды, кодтар жазып, Arduino (UNO) роботтарын құрастыруды, Scratch қосымшасын пайдаланып ойындар жасауды, сонымен қатар, ағаштан аспалы көпірлердің, Да Винчи көпірінің және крандардың макеттерін құрастыруды үйренді.
«Болашақ Инжиниринг» STEM-білім беру бойынша негізгі серіктес ретінде 4 бағыт – бағдарламалау, инженерия, 3D модельдеу және роботехника бойынша балаларды тегін оқытады. Бір жыл ішінде ЖШС атыраулық 750 баланы оқытты.
– Бұдан басқа, 20 қарашада Атырауда алғашқы STEM-фестивалі өтеді, оған 10 жастан жоғары балалар мен 22 жасқа дейінгі жастар қатысады, - дейді «Болашақ Инжиниринг» ЖШС Атырау филиалының директоры Айсұлу САНАТ. – Ал 26 қарашада STEM Family Night өтеді. Онда балалар мен олардың ата-аналары және барлық ниет білдірушілер Arduino платформасында роботтар құрастыру, инженерлік жобалар, бағдарламалау арқылы ойындар жасау жөніндегі мастер-кластарға қатыса алады. Қатысушылар өз қалаулары бойынша макеттерін жобалап, оны 3D-принтерге басып шығара алады.
STEM-білімін алғысы келетіндер немесе алдағы шараларға қатысқысы келетіндер тікелей «Болашақ Инжиниринг» ЖШС кеңсесіне 27 26 84 телефоны арқылы хабарласа алады.
Тамара СУХОМЛИНОВА