Атырау, 28 қараша 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Су есептегіш аспаптар туралы

4 117 просмотра

Оқырмандарымыздың сауалдарына «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ (суретте) жауап берді.

– Тұтынушы тұтынылған суды есептеу аспабын орнатуға міндетті ме? Егер міндетті болса, қандай негізде? Ең болмаса сол тауарға бес жылға кепілдік беретін Атырау қаласындағы есептеу аспабын жеткізуші/сатушының байланыс деректерін ұсынсаңыздар екен. Есептеу аспабын алу және орнату қызметтерінің нақты құнын көрсетсеңіздер.

- 1998 жылғы 9 шiлдедегі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін тұтынушыда реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарының болуы міндетті. «Атырау Су Арнасы» КМК су есептеу аспабын алу және орнату қызметін көрсетеді. Қызмет құны 7 050 теңгені құрайды.

«Атырау Су Арнасы» КМК қызметкерлерінің су есептеу аспаптарының көрсеткішін суретке түсіру/жазып алу қажеттілігі немен түсіндіріледі?

– Сумен қамту және ағын суларды бұру қызметтерін ұсынуға жария келісімшарттың 7.2-тармағына сәйкес, «қызмет беруші ұсынылған қызметтердің есебін жүргізуге міндетті».

Су тұтынушы «Атырау Су Арнасы» КМК қызметкерлерін олар су есептеу аспаптарының көрсеткіштерін суретке түсіріп/жазып алуы үшін үйге кіргізуге міндетті ме?

– Сумен қамту және ағын суларды бұру қызметтерін ұсынуға жария келісімшарттың 6.2-тармағына сәйкес, «Тұтынушы қызмет беруші өкілдерінің желілер, аспаптар және жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін, есептеу аспаптарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті».

Тұтынушы «Атырау Су Арнасы» КМК-не әр айдың белгілі бір мерзіміне дейін су есептеу аспабының көрсеткішін ұсынуға міндетті ме?

– Сумен қамту және ағын суларды бұру қызметтерін ұсынуға жария келісімшарттың 4.3-тармағына сәйкес, «тұтынушы төлемдік құжат негізінде айдың 25-не дейінгі мерзімде төлемді төлеп отырады».

Тұтынушы «Атырау Су Арнасы» КМК-ын өз үйінде/пәтерінде ұзақ уақыт болмайтындығы туралы ескертуге міндетті ме?

– Абоненттерге төлем нақты есептеу аспабындағы көрсеткіштер бойынша есептеледі. Сондықтан тұтынушыға қызмет берушіге ұзақ болмайтындығы туралы хабарлау қажет емес.

Тұтынушының «Атырау Су Арнасы» КМК қызметкерлеріне су тұтыну аспаптарының көрсеткіштерін өздерінің суретке түсіріп жолдауларына құқығы бар ма?

– Абонент фотосуретте пломбасы мен түсірілген уақыты көрсетілетін жағдайда су есептеу аспабының көрсеткіштерін суретке түсіріп жібере алады.

Тұтынушылар түрлі мәселелермен жүгіне алуы үшін Атырау қаласының түрлі аудандарынан «Атырау Су Арнасы» КМК учаскелерін ашу жоспарда бар ма? Егер жоқ болса, «Атырау Су Арнасы» КМК-нің хат, өтініш жазуға, жаңалықтар оқуға болатын және т.б. үшін ресми сайты бар ма?

– Төлем есептеу мәселесі бойынша Атырау қаласының тұрғындары мекенжай бойынша «Атырау Су Арнасы» КМК-нің филиалдарына жүгіне алады:

– «Орталық» филиалы, Әуезов көшесі, 80;

– «Авангард» филиалы, Авангард, 3 ы/а, 35 үй;

– «Привокзальный» филиалы, Алмагүл ы/а, 15 үй;

– «Балықшы» филиалы, Құнанбаев көшесі, 28б.

Өтініштерді «Атырау Су Арнасы» КМК-ның info@suarnasy.kz электронды поштасына жолдауға болады. «Атырау Су Арнасы» КМК сайты – www.suarnasy.kz. Сонымен қатар, «Атырау Су Арнасы» КМК директорына келушілер күн сайын сағат 18-ден 19-ға дейін қабылданады.

Пәтерлердегі су есептеу аспаптарын қай кезде де пәтерден тысқары, мәселен, лайықты түрде қорғалған және олардың қожайындары мен «Атырау Су Арнасы» КМК қызметкерлеріне тәулік бойына қолжетімді бола алатындай етіп, подъездерге қайта орнату жоспарда бар ма?

– Көрсеткіштерді шалғайдан алуға болатын жеке есептеу аспаптарын орнату «Атырау Су Арнасы» КМК жоспарында бар. Ол үшін жеке есептеу аспаптарын подъезге шығарудың қажеті болмайды.

- Атырау қаласында саттықтағы қолжетімді су есептеу аспаптары әрбір бірнеше ай сайын жарамсыз болуда. Тәжірибелі сантехниктердің пікірінше, бұл су сапасының төмендігі салдарынан орын алып отыр. Сіз салқын су сапасына қатысты түсінік бере аласыздар ма, яғни, бұл үйімізге су келетін тұрбаның жағдайына байланысты ма? Егер байланысты болса, салқын су тек тұрмыстық мақсатта ғана емес, ауыз суға жарамды болуы үшін олар қашан ауыстырылады? Мен су есептеу аспабын жиі ауыстыру және оған өз уақытың мен ақшаңды жұмсау орынсыз деп есептеймін. Егер пәтерде су есептеу аспаптары орнатылмаған болса, «Атырау Су Арнасы» КМК тұтынылған суды қайта есептеуден бас тартады, бірақ, осы суға белгілі бір сома жазылған есепшоттар уақытымен келіп тұрады.

- Тазартылған ауыз судың сапасы 16.03.2015 ж. №209 Санитарлық ережелер мен нормалардың (СЕмН), ҚР СНмЕ 4.01-02-2009 ж. және «Ауыз су» ГОСТ 2874-82 талаптарына сай келеді. «Атырау Су Арнасы» КМК тұтынушыларға тұрғын үйге кіретін тұрбаға дейін полиэтилен құбырлар арқылы ауыз су береді. Үй ішіндегі және жертөле жайындағы су құбырларына ПИК қызмет көрсетеді.

2009 жылғы 5 маусымдағы ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесіне» сәйкес:

1) 39-тармақ: сумен жабдықтау бойынша - ғимаратқа су құбырын енгізудегі бірінші ысырманың бөлуші фланеці кондоминиум объектілерінде пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады;

2) 40-тармақ: сумен жабдықтау бойынша - тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы кондоминиум объектілерінде теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы болып табылады;

3) 41-тармақ: кондоминиумға қатысушылардың жалпы үлестік меншігі болып табылатын үйге ортақ желілерді тиісті техникалық жағдайда ұстауды және қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуді кондоминиумның басқару органы, кондоминиум тіркелмеген жағдайда жалпы үлестік меншік иелері жүзеге асырады.

Мен жалғыз өзім тұрамын, көбінесе жол жүріп кетемін. Өзімді үйіме бейтаныс адамдарды, тіпті есептегіш көрсеткішін алу үшін де мәжбүрлі түрде үйге кіргізуге міндетті емеспін деп есептеймін. Сонымен қатар, қашан және қаншалықты ұзақ уақытқа менің үйде болмайтынымды ешкімнің білмегенін қалаймын.

- Сізге шалғайдан су есептеу көрсеткіші алынатын аспапты орнатуды ұсынамыз. Бұл жағдайда бақылаушыға үйіңізге бару қажет болмайды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қараша 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.