Атырау, 19 сәуір 14:27
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сот полицейлер туралы іс бойынша айыпталушылардың есімдерін атады

4 652 просмотра

«АЖ» сауалына берген жауабында №2 қалалық сотының төрағасы Айгүл ТӘШЕНОВА 15 қарашада Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының ғимаратында соттары басталатын тоғыз полицейдің тізімін ұсынды.

1. Өтеуов Манарбек Қажымұқанұлы, Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, ескі редакциядағы ҚР ҚК-нің 308-бабы 4-тармағының «а», «в» тармақшалары («Күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану»); ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-тармағының 1, 2-тармақшалары («Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы қорқытып алу жолымен пара алуы»); 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы («Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану»); 369-баптың 2-тармағы («Лауазымды адамның қызметтiк жалғандық жасауы»); 149-бабының 3-тармағы («Өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзуы») бойынша сотқа берілген.

2. Қабдешев Әли Эдуардұлы, Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі, ескі редакциядағы ҚР ҚК-нің 308-бабы 4-тармағының «а», «в» тармақшалары бойынша, ҚР ҚК-нің 366-бабы 3-тармағының 1, 2-тармақшалары, 149-бабының 3-тармағы бойынша сотқа берілген.

3. Хайруллин Аслан Ғабитұлы, Атырау қалалық ІІБ анықтау бөлімінің анықтаушысы, ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы, 416-бабының 4-тармағы («Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалауы»), 412-бабының 1-тармағы («Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту») бойынша сотқа берілді.

4. Баянов Әзидолла Ғибатоллаұлы, Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің кіші жедел уәкілі, ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы, 416-бабының 4-тармағы, 412-бабының 1-тармағы бойынша сотқа берілді.

5. Іздібаев Ернар Рамазанұлы, Атырау қалалық ІІБ №1 қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімінің тергеушісі, ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы, 416-бабының 4-тармақшасы, 412-бабының 1-тармақшасы бойынша сотқа берілді.

6. Достанов Азамат Бақтыбайұлы, Атырау қалалық ІІБ №1 қалалық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы, 369-бабының 2-тармағы бойынша сотқа берілді.

7. Ким Александр Вячеславович, Атырау қалалық ІІБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы, ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы, 416-бабының 4-тармағы, 412-бабының 1-тармағы бойынша сотқа берілді.

8. Оразғалиев Нұржан Саттыбайұлы, Атырау қалалық ІІБ анықтау бөлімінің анықтаушысы, ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы, 416-бабының 4-тармағы, 412-бабының 1-тармағы бойынша сотқа берілді.

9. Стамғалиев Ильяс Хисметұлы, Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-тармағының 3-тармақшасы, 369-бабының 2-тармағы бойынша сотқа берілді.

Аталмыш тұлғалардың барлығы тергеу изоляторына қамалған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қараша 2016, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.