Атырау, 5 желтоқсан 14:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Командирге шекілдеуік шаққаны үшін айыппұл салынды

5 766 рет қаралды

Атырауда 41321-әскери бөлімшесінің (аэромобиль әскері) взвод командиріне ұсақ бұзақылығы үшін айыппұл салынды.

Атырау қалалық әкімшілік соты қараған іс материалдарына сүйенсек, Амандосов көшесінің бойындағы мейрамхана жанында тұрған кезде взвод командирі О.А. шекілдеуік шағып, жалпы қолданыстағы орынды ластаған.

Сот отырысында взвод командирі өз кінәсін мойындады. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-тармағы («Ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танылып, оған 14 847 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қараша 2016, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.