Атырау, 8 ақпан 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

​Билік жетімдердің мүлкін қадағаламады

1 593 рет қаралды

Қалалық прокуратурасы жетім балалардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың бірқатар талаптарының бұзылғанын анықтады.

Әңгіме ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 115-бабы 2-тармағы («Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, балаларды орналастырудың нысандарын таңдау, сондай-ақ оларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелген») туралы болып отыр.

- Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді жасауға тыйым салу туралы хатының әділет органдарына жіберілмегені анықталды, - дейді Атырау қаласы прокурорының орынбасары Айбек ҚАНАТБЕКОВ. - Қалалық прокуратура 25 кәмелетке толмаған жастың жылжымайтын мүліктерін пайдалануға тыйым енгізді. Қалалық білім бөлімінің жауапты қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қараша 2016, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.