Атырау, 28 қараша 06:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Үйлер мен коммуникациялар құрылысы туралы

3 160 просмотра

Атырау облысындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 2016 жылы 9 млрд 744 млн теңге бөлінген.

Қазіргі уақытта Индер ауданының Индербор поселкесін газбен, электрмен және сумен қамту, Құлсарыдағы Болашақ ықшамауданын, Атыраудағы Еркінқала мен Жұмыскер, Қайыршақты, Кеңөзек, Ақсай ауылдарын, Сарықамыс-2 және Самал ықшамаудандарын сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатқа арнайы резервтен 3 млрд 400 млн теңге бөлінді.

Атыраудағы Береке, Атырау ықшамаудандарын, Тасқала, Көкарна, Водниково-3 ауылдарын, Қызылқоға ауданының Миялы ауылы мен Құрманғазы ауданының Ганюшкино ауылын сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтуға, Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылын электрмен және сумен қамтуға, Құлсары қаласындағы Болашақ ықшамауданын электрмен қамтуға Ұлттық қордан тағы 4 млрд 123,8 млн теңге бөлінді. Қызылқоға ауданынан басқа жер-жерде жұмыстар басталды. Ол жерге конкурсты қайта жариялауға тура келді. Қазір оның қорытындылары жүргізілуде. Республикалық бюджеттен қала маңындағы Еркінқала, Водниково-2, Жаңаталап, Көкарна, Талғайраң ауылдарын сумен қамтуға 1 млрд 722,6 млн теңге бөлінді. Ал облыстық бюджеттен өз тарапынан Мақат поселкесін газбен, электрмен және сумен қамтуға 497,7 млн теңге бөлінді. Барлық нысандардағы жұмыстардың аяқталу мерзімдері әртүрлі, бірақ олардың барлығы келесі жылдың ішінде тапсырылуы тиіс.

Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұржан МЫРЗАБОЛАТОВ облыс бойынша баспана салуға 2016 жылы 16 млрд 190,5 млн теңге бөлінгенін хабарлады. 408 пәтерлік көппәтерлі алты үй (Нұрсаядағы №№13, 60 үй мен Жылыой ауданындағы 60 пәтерлік үш қабатты төрт үй) мен Қызылқоға ауданындағы 10 пәтерлік бір қабатты бес үй (Сағыз ауылындағы төрт үй мен Тасшағыл ауылындағы бір үй) пайдалануға берілді.

Қазір тағы 2 644 пәтерлік көппәтерлі 44 үй мен бір қабатты 10 үй салынуда. Соның ішінде, Ұлттық қор есебінен салынып жатқан «НҰХ Бәйтерек» АҚ арқылы 300 пәтерлік алты үй мен «Бәйтерек Девелопмент» АҚ арқылы 717 пәтерлік 12 үй бар.

«Самұрық-Қазына ЖМҚ» АҚ қаржысы есебінен 400 пәтерлік сегіз үй салынуда. Құрманғазы ауданында бір қабатты 10 үй салынуда. NCPOC B.V. әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасы есебінен 240 пәтерлік көппәтерлі төрт үй бой көтеруде. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен 987 пәтерлік көппәтерлі 14 үй салынуда. Бұдан басқа, Нұрсаяда 240 пәтерлік аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға арналған үй және «Жас Отау» жобасы бойынша жас отбасыларға арналған 120 пәтерлік үй салынып жатыр. Оларды биылғы жыл аяғына дейін тапсыруы тиіс. Биыл тағы жеті үйдің: Атыраудағы Береке ықшамауданында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ айналым қаржысына 270 пәтерлік бес несиелік үй мен 105 пәтерлік екі арендалық үйдің құрылысы басталды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қараша 2016, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.