Атырау, 28 қараша 06:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жоғалған үш жыл

2 597 просмотра

Атырау қалалық соты жауапкер – «ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-не қатысты мүгедектікті тану және әлемуттік төлемді төлету, моралдық зиянды өтеп алу жөніндегі М.Б.-ның талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Медициналық сараптама қорытындысына сүйенсек, талап арыз берушінің 15 жастағы қызы бала жастан мүгедек деп танылған. Соған байланысты оған айы сайын әлеуметтік төлем тағайындалған. 2013 жылы медициналық сараптамадан кейін оған мүгедектікті белгілеуден бас тартқан. Сондықтан оған әлеуметтік жәрдемақы төленбеген. Алайда 2016 жылдың 29 ақпанда қыз қайтадан бала кезден мүгедек деп танылды.

Талап арыз беруші үш жыл бойына мүгедектік пен әлеуметтік төлемдер негізсіз тоқтатылғанын, нәтижесінде қаржының жетіспеуі салдарынан қызын емдеуге мүмкіндігі болмағанын мәлімдеді.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қалалық сот талап арызды ішінара қанағаттандырды, әлеуметтік қорғау органдарының әрекеті заңсыз деп танылып, талап арыз берушінің пайдасына моралдық зиян өндіріліп алынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
4 қараша 2016, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.