Атырау, 28 қараша 06:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа үйге қоныс аударды

3 187 просмотра

Біз осы жылдың қаңтарында жазған Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылындағы 53 жастағы Гүлжан ҚОЖАНОВА және оның қызы (ІІ топ мүгедегі) қоныстойларын төрт бөлмелі үйде тойлады.

Қожановтардың ескі үйінде тұру мүмкін емес еді.

- Көктемгі жауыннан соң бірнеше баспана құлап қалды, соның ішінде Қожановтардың үйі де бар. Мен жергілікті кәсіпкерлерден оларға шағын үй салып беруге көмектесулерін сұрағанмын. Жақсы адамдар табыла кетті. Жаңа үйдің құрылысы бітті. Қожановтар дән риза. Жаңа үй олар тұрып жатқан аулада салынған, - дейді Жылыой ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА.

Құрылыс «ССС» ЖШС қызметкерлерінің жинаған қаражатына салынған. Сондай-ақ, Құлсарыда үйлері құлап қалған Сағынғали АЙТОҚАШЕВҚА және Бақыт ҚАЗИЕВА есімді тұрғындар үшін де жаңа баспаналар тұрғызылған. Құрылыс жергілікті кәсіпкерлердің және «Құлсарыгаз» ЖШС мен «Атырау-Жарық» филиалдары қызметкерлерінің демеушілік қолдауымен салынған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қараша 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.