Атырау, 3 мамыр 12:13
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

ІІД госпиталінің бас дәрігері пара үшін сотталды

3 337 просмотра

«Атырау облыстық ІІД-нің емханасы бар госпиталі» РММ бас дәрігері қызметке алынып жатқан полицейге бір бөтелке виски мен 10 мың теңгеге медициналық қорытынды алуға көмектескен.

Парақорды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері ұстап, ол Атырау қаласының прокурорымен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасаған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бас дәрігер ҚР ҚК-нің 366-бабының 1-тармағында («Пара алу») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен қатар, параның елу есе көлемінде айыппұл түрінде және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 қараша 2016, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.