«“Ақ Жайық" газетінің бас редакторына
Облыс прокуроры Ғ.И.Тоғызбаевқа
Іздібаев Ернар Рамазанұлынан
Арыз
2016 жылдың 24 қазанында «Ақ Жайық» газетінің сайтында ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың және басқа да жоғары шенділердің атына жазылған хат жалғанған «Атырау қалалық ІІБ полицейлерінің туыстары Eлбасына хат жолдады» деген атаумен материал жарияланды.
Осы хаттың (мәлімдеменің) соңындағы фамилиялар шындыққа сай келмейді. Мен де, менің жақын туыстарым да бұл хатқа қол қойған жоқ (менің фамилиям қате көрсетілген). Сондықтан теріске шығаруды және хат жазғандардың тізімінен менің фамилиямды алып тастауды сұраймын.
Құрметпен, Іздібаев Е.Р.
31.10.2016 ж.»