Атырау, 4 мамыр 10:55
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Сатушыны пышақтап және балталап өлтірген

2 003 просмотра

№2 Атырау қалалық сотының тергеу судьясы 45 жастағы азамат М.-ны 10 тәулікке қамауға алуға санкция берді. Ол ақша мен азық-түліктерді иелену мақсатында пышақ пен балтаны қолданып, Атыраудағы Махамбет көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс жасаған Өзбекстан азаматшасын өлтіріп тастаған.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, күдікті ІІ топ мүгедегі болып табылады, сонымен қатар, тергеушінің түсініктемесіне сәйкес, ол психикалық сырқатқа шалдыққан. Осы фактіні растау үшін психоневрологиялық орталыққа сауал жолданды. Психикалық сырқаты бар тұлғаларға бұлтартпау шарасы қолданылмайтындығын ескерсек, күдіктінің сырқаты туралы мәліметтер алу үшін сот оны қысқа уақытқа қамауда ұстауға санкция беру қажет деп есептеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 қараша 2016, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.