Атырау, 28 қараша 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Мектептер мен балабақшаларды қаншаға және кімдер салуда

5 325 просмотра

Image 0

Биылғы жылы облыста 4386 орындық 16 мектеп пен 4835 орындық 23 балабақша салынуда. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұржан МЫРЗАБОЛАТОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Бүгінгі күні Атырауда 100 орындық жатақханасы бар 320 орындық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның және 880 орындық (Махамбет ауданының Махамбет ауылында және Атыраудағы Привокзальный ықшамауданында әрқайсысы 280 орындық, Жылыой ауданының Шоқпартоғай мен Жаңатаң ауылдарында әрқайсысы 160 орындық) 4 балабақша құрылысы аяқталды. Мектепке дейінгі мекемелер әлеуметтік инфрақұрылымдар жобаларының шеңберінде ТШО қаржысының есебінен салынды.

Биыл 1004 орындық 6 мектептің құрылысы басталды. Төрт мектеп – Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында 424 орындық орта мектеп, Приморье ауылында 300 орындық орта мектеп, Құрманғазы ауданының Жалғызапан ауылында 80 орындық мектеп, Индер ауданының Жарсуат ауылында музыка мектебі жергілікті бюджет есебінен салынуда. NCOC N.V. компаниясы Исатай ауданының Қызылүй ауылынан 80 орындық мектеп, ал ТШО Индер ауданының Ынтымақ аулынынан 120 орындық мектеп салуда. Қызылқоға ауданының Сағыз селосындағы 290 орындық, Индер ауданының Индербор поселкесіндегі 290 орындық, Құрманғазы ауданының Тасшағыл ауылындағы 100 орындық балабақшалар құрылысын жергілікті бюджет төлейді. NCOC N.V. қаржысына Атыраудағы Еркінқала ауылынан 290 орындық балабақша салынуда, ТШО Құлсарыдан әрқайсысы 290 орындық 2 балабақша салуды, КТК – Құрманғазы ауданының Ганюшкин ауылынан 200 орындық балабақша салуды өз мойнына алды.

7 мектеп пен 8 балабақша – бұл өткен жылдан қалған нысандар. Нұрсая ықшамауданындағы 624 орындық орта мектеп республикалық бюджет есебінен салынуда. Мақат ауданының Доссор поселкесінен 300 оқушы орындық О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп Ұлттық қор ақшасына салынуда. Өткен жылдан бері ТШО қаржысына Нұрсаядан 624 орындық орта техникалық гимназия, КТК Индер ауданының Құрылыс ауылынан 100 орындық орта мектеп, NCOC N.V. компаниясы Махамбет ауданының Береке ауылынан 250 орындық орта мектеп, сонымен қатар облыс орталығындағы Ақжайық ауылынан және Индер ауданының Аққала ауылынан әрқайсысы 120 орындық орта мектептер салынуда.

Сонымен қатар, 1560 орындық 8 балабақша да өткен жылдан бері салынуда. Атыраудағы Бірлік ауылында 280 орындық балабақшаны республикалық бюджет төлейді. Жылыой ауданының Жаңақаратон поселкесінен 280 орындық, Жылыой ауданының Қосшағыл және Тұрғызба ауылдарынан әрқайсысы 160 орындық үш балабақшаны ТШО төлейді. Исатай ауданының Аққыстау поселкесінен 160 орындық балабақша құрылысын КТК төлейді, шипажай түріндегі (Мақат ауданындағы Доссор ауылынан 100 орындық және Нұрсаядан 320 орындық) екі балабақшаны NCOC N.V компаниясы, Исатай ауданындағы Хамит Ерғалиев ауылынан 100 орындық балабақша құрылысын алуды ҚМГ-Бизнес-Көмек компаниясы өз мойнына алды.

Жыл аяғына дейін 924 орындық 2 мектептің және 645 орындық 4 балабақшаның құрылысын бастау жоспарланып отыр. NCOC N.V. компаниясы Атыраудағы Ракуша ауылынан 300 орындық, ал ТШО Жұлдыз ықшамауданынан 624 орындық орта мектеп салады. ТШО Жылыой ауданының Майкөмген ауылынан 100 орындық және Доссордан 280 орындық балабақша салуға кіріседі. NCOC N.V - Исатай ауданының Зинеден ауылынан 100 орындық балабақша, Геолог-2 ауылынан 165 орындық балабақша жергілікті бюджет қаржысына салынатын болады.

Бұдан басқа, Құлсары қаласындағы №15 мектептің спорт залы пайдалануға берілді, Атырау қаласынан 100 орындық жатақханасы бар Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледж құрылысы басталды, Нұрсаядан «Оқушылар мен жастар үйін» салу жоспарланды. Атыраудан балалар оңалту орталығына жалғама салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу, Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының 250 орындық жалғамасын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басталды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 қазан 2016, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.