Атырау, 4 мамыр 12:07
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Туған күніңмен, төраға!

3 946 просмотра

Халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры Қазақстан Журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Бейсенғазыұлы МАТАЕВТЫ туған күнімен құттықтайды.

Біз әділдіктің салтанат құратындығына, негізсіз айыптаулардан ақталатындығына, еліміздің журналистер қауымының көшбасшысы көп ұзамай еліміздің және қоғамның игілігі үшін өз қызметін жалғастыратындығына сенеміз.

Сізге, Сейітқазы Бейсенғазыұлы, мықты денсаулық, қажырлылық және оптимизм тілейміз!


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР МЕН НИЕТТЕСТЕР!

Бүгін Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың туған күні. Ол бұл күнді әділетсіз айыпталған ауыр жағдайда абақтыда қарсы алып отыр.

Сейітқазы Матаевты қолдау комитеті өз басшысына батылдық, денсаулық және оптимизм тілейді. Сіздер өз бұқаралық ақпарат құралдарыңызда, әлеуметтік желілерде құттықтап және Астана қаласы, ЕЦ166/1 мекемесі мекенжайына Матаев Сейітқазы Бейсенғазыұлына құттықтау жеделхатын жолдап, оған үлкен моральдық қолдау көрсете аласыздар.

31 қазан 2016, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған