Интернетте Ресейде өндірілген сүт өнімінің аусыл ауруы жұқтырылған партиясын саттықтан қайтарып алу туралы «Роспотребнадзор» федералдық қызметіне сілтеме жасалған әлдебір құжат таралуда.
Егер дереккөзге сенсек, «Вимм-Билль-Данн» компаниясының сүт өнімінен қауіпті сырқат вирусы табылған. Ресейде сауда желілерінен оннан астам сауда маркалары кіретін холдинг өнімдерін алып тастай бастады. Қазақстанда да бұл холдинг кең тараған: баршаға белгілі «Чудо», «Агуша», «Иммунеле», «Домик в деревне», «Веселый молочник», «Кубанская буренка», «Мажитэль»…
Ресейлік БАҚ-тарда 21 қазанда желілік сауда компанияларының басшыларына 1-19 қазан аралығында шығарылған айран, сұрыпталған, ішетін және пастерленген сүттерді, сонымен қатар, «Домик в деревне» маркасында өндірілген қатықтарды саттықтан алып тастау туралы ұйғарым берілгендігі хабарланды.
Владимирский облысында анықталған аусыл ауруының таралуы салдарынан ресейлік билік
Ресей аумағында сатуға тыйым салды. Шектеу шарасы қарашаның бірінші онкүндігі біткенше күшінде болады.
Ал Қазақстанда және атап айтқанда, Атырау облысында ауру жұқтырылған өнімдерге қатысты ешқандай ресми әрекеттер жоқ. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментіндегілер өздеріне ешқандай ресми бұйрық келмегендігін мәлімдеді:
- Ресейге байланысты, егер мұндай хабарлама Астанадағы Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне түскен болса, біз бұл құжатты сол күні алған болар едік. Бірақ әзірге ештеңе жоқ.
Естеріңізге салсам, Қазақстанның Ауылшаруашылығы министрлігі көрші елде аусыл ауруының таралуы салдарынан 25 қазанда Ресейден ет пен сүтті әкелуге шектеу қойған болатын. Тыйым сиыр, шошқа, қой еттеріне, сүт өнімдері мен бүкіл азық-түлік емес бұйымдар мен шикізаттарға қатысты. Бірақ егер «жұқтырылған» партияның сүт өнімдері дүкендерімізге түсіп үлгерсе, сауда желілері мен бөлшек сауда саудагерлері оларды сатуды жалғастыруда. Мұндай жағдайда сүт өнімдерін анағұрлым мұқият таңдау керек. Өз хабарламасында «Вимм-Билль-Данн» компаниясы Ресейдегі өз серіктестерін төмендегі атаудағы «Домик в деревне» сауда маркасының сүт өнімдерін алып тастау туралы хабардар етеді: 01.10.2016 - 19.10.2016 жылы өндірілген 1% және 3,2 % айранның көлемі 1000 г, 515 г және 900 г болатын 4 түрі; 930 мл 2,5%, 3,7-4,5% «Деревенское» сүті; 515 г қатығы 3,2% .
Адам жұқтырылған өнімдерді, ең алдымен шикі сүтті тұтынған кезде аусылға шалдығуы мүмкін. Сүтті 85°С температурада пастерлегенде немесе қайнатқанда зарарсызданады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА