Атырау, 19 сәуір 12:03
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Мас жүргізуші мен оның достары полицейлерге қарсылық көрсетті»

Бейнежазба
3 503 просмотра

Атырау облыстық ішкі істер департаменті әлеуметтік желілерде кең тараған бейнероликке комментарий берді. Бейнежазбада полицей формасын киген бірнеше адам мен жастар тобы күш қолдану арқылы қарым-қатынастарын шешуде.

Бұл факт Атырау қаласында қазанның 26-ынан 27-іне қараған түні Азаттық даңғылында болды. Жол-көлік оқиғасы орын алып, жол-көлік оқиғасына кінәлі күдікті – «Лада» көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалмақ болған. Ал қасында болған жастар да бұған көмектескісі келген, - деп хабарлады ІІД баспасөз тобының жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Атырау ІІБ жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері жол-көлік апатын жасаған күдіктіні ұстады. Оның жеке басы анықталды, оның жасы 25-те. Жүргізілген сараптама көрсеткендей, ол орташа дәрежеде ішімдіктен масайған күйде болған. Осы жүргізушінің өткен жылдың қазанында жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды. Бұл материал ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-тармағы («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі») және 379-бабы («Билік өкіліне бағынбау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Көлік айыппұл тұрағында тұр.

Зульфия Байнекеева

28 қазан 2016, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.