Атырау, 28 қараша 06:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда Теннис орталығы биыл тапсырылады

Сурет
2 246 просмотра

Теннис спортының үлкен орталығы әуежай трассасының бойында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша салынуда. Басқарма мәліметі бойынша, учаскенің алаңы 2,1 га. Жалпы құрылыс алаңы - 0,8478 га, жалпы алаң – 4 865,45 м2.

Құны 1,5 млрд теңге болатын жоба «Батыс Альянс Строй» мердігер компаниясының күшімен салынуда. Металл қаңқасы бар ангар түріндегі ғимарат заманауи вентиляция, жылыту және кондиционерлеу жүйесімен жабдықталған.

Теннис орталығында сегіз – төрт жабық және төрт ашық корт болады. Жобада сонымен қатар, жалпы физикалық дайындық залы, жаттығу залы, пинг-понгқа– шағын үстел теннисіне арналған зал, душ бөлмесі, сауна, киім шешетін бөлме, бапкерлерге арналған кабинеттер, баспасөз конференциясына арналған зал, келушілерге арналған буфет қарастырылған, – дейді құрылыс жүргізіп жатқан компанияның директоры Әділ ЖҰБАНОВ.


Орталықтың ашық аумағында корттан бөлек шағын футболға арналған алаң мен жаттығу үшін жүгіретін жол салынған.

Айта кету керек, тек жабық корттың жалпы алаңы – 3100 шаршы метр, яғни, бұл толыққанды спорт нысаны. Онда әуесқойлар да, кәсіпқой спортшылар да өз қабілеттерін дамыта алады.

Нысанды тапсыру мерзімі – биылғы жылдың желтоқсаны, құрылыс 2015 жылдың көктемінде басталған еді. Жұбановтың айтуынша, жоба аяқталып қалған, мемлекеттік қабылдау процесі жүріп жатыр.

Теннис орталығы қызметінің құны туралы әзірге ақпарат жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

28 қазан 2016, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.