«Арнаулы автобаза» ЖШС директорының орынбасары Кимеядин ШМАНОВ қоқыс үйінділерінің туындау себептерін атады. Оның айтуынша, 2016 жылы мемлекеттік мекемелердің аумағынан қоқыс шығару тендерін ұтқан бүкіл ЖК-нің қатты тұрмыстық қалдықтар сақтайтын өз полигондары жоқ. Яғни, олар түнде мекеме аумағынан қоқысты жинайды да, кез келген жерге, соның ішінде «Арнаулы автобаза» ЖШС қызмет көрсететін контейнер алаңдары мен қала шетіне төге салады.
Осылайша облыс орталығында қала тұрғындарының наразылығын тудыратын үйілген қоқыстар пайда болады, деп есептейді тазартушылар басшысы.
– Біз қалалық әкімдікке 2017 жылға осындай тендер өткізу кезінде міндетті шарттар қатарына өзінің қатты тұрмыстық полигоны болуын немесе осындай полигоны бар кәсіпорынмен келісімшарттың болуын қосу өтінішімен хат жолдадық. Осыдан кейін 2017 жылды күтпестен, жеті кәсіпорын бізбен қалалық қоқыс орнына қалдықтарды шығару туралы келісім жасады, - дейді К.Шманов.
Тұрғындардың наразы болатын бір себебі – жеке аулаларға іргелес аумақтағы құрылыс қоқыстары болып табылады. Кимеядин Шмановтың айтуынша, жеке үйден бес метр радиустегі бүкіл қоқысты оның қожайындары тазартуы тиіс, алайда көп жағдайда олар мұны жасамайды. Арнаулы автобаза полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер жүргізеді. Жеке үйлердің қожайындарына қоқысты жинау қажеттігі туралы, олай болмаған жағдайда оларға айыппұлдар салынатынын ескертеді. Қоқысты жинау үшін үй қожайыны сол Арнаулы автобазаның қызметкерлерін жалдай алады немесе жеке кәсіпорындардың қызметін пайдалана алады. Белгіленген төлемақымен олардың өздері қоқысты тиеп, қалалық полигонға алып кетеді.
Бұдан басқа, анағұрлым тиімді жұмыс жасау үшін кәсіпорында арнайы техниканың жүргізушілеріне вахталық жұмыс әдісі енгізілген. Қоқысты жинау проблемасы жұмыс күшінің және техниканың жетіспеуіне тікелей байланысты. Айына 40 мың теңге үшін осынау күш еңбегімен айналысқысы келетіндерді табу оңайға түспейді, сондықтан толық штат жиналмаған. 350 адамның орнына кәсіпорында 130-дай жұмысшы жұмыс жасайды. Еңбекақы көтерілгеннен кейін жол қызметкерлері мен жүргізушілерге екі есе жеңілдеген.
– Қазіргі уақытта 230-дай адам жиналды, қысқа қарай штатты толық жинауды жоспарлап отырмыз. Жүргізушілер 15 күндеп вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Қазір біз облыс аудандарынан адамдар жинаудамыз, оларды тұратын баспанамен және үш мезгіл тамақтанумен қамтамасыз етеміз. Вахта үшін әр жүргізуші қолдарына 80 мың теңгедей алады, - деп әңгімеледі «Арнаулы автобаза» директорының екінші орынбасары Самат ТҰРНИЯЗОВ.
2016 жылдың қарашасында кәсіпорын қысқы маусымда жұмыс жасайтын арнайы техникалар алуды жоспарлап отыр. Қалалық әкімдіктің қаржысы есебінен 10 жаңа қоқыс шығаратын көліктер сатып алады.
«Арнаулы автобаза» жұмыстары бойынша шағымдарды Whatsapp арқылы 8 701 180 26 79 нөміріне және диспетчерлік қызметтің 29-02-62 телефоны бойынша жолдауға болады. Қыста осы нөмірлер бойынша қала аясындағы қарды тазалауға өтініштер қабылданатын болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА