Атырау, 28 қараша 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түрік жағалауы да жақындай түсті

1 724 просмотра

Атырауда өткен халықаралық қазақ-түрік форумының барысында түркиялық тарап жаңа логистикалық жобаны ұсынды. Бұл жобаның арқасында тауарларды жеткізу уақыты мен шығындарын едәуір қысқартуға болады.

Басты тақырып құрылыс индустриясы болып табылатын форумды Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен түріктің Қара теңіз экспорттаушыларының қауымдастығы ұйымдастырды. Отандық кәсіпкерлерден басқа шараға 15-тен астам шетелдік компаниялар қатысты.

Бүгінде Атырау облысының аумағында түрік капиталының үлестік қатысы бар 121 кәсіпорын тіркелген. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айында өңір мен Түркия арасындағы сыртқы тауар айналысы 122 млн-нан астам АҚШ долларын құрады. Түрік делегациясы логистикалық жол нұсқасын ұсынды. Ол бойынша Атырауға енді Грузия, Әзірбайжан және Каспий теңізі арқылы жетуге болады. Атырауға тауарларды жеткізуді автокөлікпен Ресей арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жол бар болғаны 2-3 күн уақыт алады. Осылайша, Түркиядан Атырауға тауарлар жеткізу мерзімі мен құнын едәуір азайтуға болады.

Біздің жоба бойынша тауарды пойызбен жіберуге болады. Мәселен, егер бұрын тауарды жүк фурасымен жеткізу үшін 15 мың долларға дейін кететін болса, Түркиядан Қазақстанға жаңа жол арқылы жеткізу арзанырақ – бес мың доллар болмақ, - дейді Қара теңіз экспорттаушылары түрік қауымдастығының төрағасы Ахмет Хамди Гюрдоган.

Оның айтуынша, дұрыс есептелген логистика тауарды тасымалдау үшін қаржыны едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Демек, елдер арасындағы тауар айналымын едәуір арттыруға болады.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін, форум жұмысы жергілікті және түрік кәсіпкерлері арасында В2В форматындағы кездесулерге жалғасты. Жергілікті бизнесмендер Түркиядан металл құрылымдары мен кафельдер, ал түрік бизнесмендері Қазақстаннан дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды сатып алғылары келеді. Енді біздің кәсіпкерлер түрік тарапы үшін баға ұсыныстарын дайындайды. Олар бағаға келісе ала ма, нәтижесі осыған байланысты болмақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қазан 2016, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.