Атырауға суық түсе бастаған кезде, болмашы коммуналдық проблемалар да орын алды
Қала тұрғындары сыртта аяз болса да, бұрқақтардың жұмыс жасап тұрғандығына таң қалды. Мұз қабыршағы басқан көрікті жерлердің фотосуреттері әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кеше жұмысшылар облыстық әкімдік жанындағы бұрқаққа қатқан мұздарды түсірді. Алдымен суды кәрізге төкті, содан соң ол шамасы тез толып қалса керек, шланганы қатқақ жерге тастай салыпты. Енді газонның орнында үлкен көлшік жатыр. Біз қалалық ТКШ бөліміне жүгіндік, ондағылар бізге тендер ұтқан мердігер компанияның қала бұрқақтарын бірнеше күн бұрын қысқа дайындау жұмыстарын бастағандығын түсіндірді. Олармен жасалған келісімшарт қазанның аяғына дейін күшінде, сондықтан әлі уақыт бар, - деп хабарлады ТКШ бөлімінің басшысы Серікбай ҚАЗИЕВ.
Марат ТАКУЛИН
Суреттерді және бейнежазбаны түсірген автор