Атырау, 28 қараша 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Араққұмарлардың директорларға айналатындығы туралы

3 477 просмотра

Көбінесе жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша қылмыстық істерде жұмыссыздар, араққұмарлар немесе нашақорлар құрылтайшылар мен директорлар ретінде көрінеді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қаһарман ЖӘРДЕМОВ әңгімеледі.

Оның айтуынша, бүгінгі күні ерте кезеңде жалған кәсіпкерлікті анықтауға мүмкіндік беретін «тәуекел параметрлері» бар. Осындай формалардың бірі жалған тұлғаларға тіркеу болып табылады. Және де бір адамға кейде ондаған фирма тіркеледі. Ол үшін алаяқтар жұмыссыздарды, араққұмарларды немесе нашақорларды таңдайды. Қолдарында мөрлері жоқ олар банк операцияларын тоқтата алмайды, есепшоттар бойынша ақшалай қаржылардың көшірмесін ала алмайды, қолдарында электронды салық төлеушінің кілті болмаған соң жалған салық декларацияларын кері қайтарып ала алмайды. Ал тергеу барысында олардың әрекеттерінен қылмыстық құқықбұзушылық табылмағандықтан, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту проблема болады.

Көп жағдайда сотқа дейінгі тергеу барысында кәсіпорын атынан заңсыз қызметті жүзеге асырған шынайы кінәлілерді анықтау мүмкін емес. Қылмыстық ойды жүзеге асыру сызбалары күн сайын жетілдірілуде. Мәселен, жалған фирмалар арқылы қылмыстық кірістерді заңдастыру жүргізіледі, ақшалай қаржыларды жымқыру мен салық төлеуден жалтару жүзеге асырылады.

Жыл басынан бері Атырау облысында жалған кәсіпкерлік бойынша 47 іс тергелді. Өндіріспен 29 іс аяқталды, оның 20-сы сотқа жолданды, тоғызы тоқтатылды, - деді Қ.Жәрдемов.

Кәсіпкерлер жалған кәсіпкерліктің әрекеті салдарынан олардың контрагенттерінің – белгілі бір кезеңде олармен бірге жұмыс істеген адал бизнесмендердің жапа шегіп отырғандығына шағымданды. Оларды да қомақты айыппұлдар төлеуге мәжбүрлейді. Жәрдемов бұл мәселені қазір депутаттардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бас прокуратураның қызу талқылап жүргендігін атап өтті. Бәлкім, Қылмыстық кодекстің тиісті бабы өзгеретін шығар.

Департаменттің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Батырбек ЮСУПОВ облысымыздағы заңдастыру барысы туралы әңгімеледі. Жергілікті әкімдіктер жанындағы комиссияға Қазақстан аумағындағы 3 100 жылжымайтын мүлік нысаны бойынша жалпы сомасы 14,6 млрд теңгеге 1 709 өтініш түскен. 13,3 млрд теңге сомаға 2 917 нысан заңдастырылған. 85 өтініш қайтарылған, 46-сы қаралуда. Ал мемлекеттік кірістер органдарына елден тысқары, дәлірек айтқанда, Ресейдегі мүлікті заңдастыруға екі өтініш пен төрт декларация түсті. Бұдан басқа, 59,9 млн теңге сомаға құнды қағаздарды заңдастыруға бір өтініш түсті. 23,1 млрд теңге сомаға ақшаны заңдастыруға 36 декларация (оның 1-уі 3,3 млрд теңгеге, ҚР аумағынан тысқары), 560 млн теңгеден астам сомадағы тоғыз декларация заңды тұлғалардың қатысу үлесіне тиеді. Осы қаржылардың барлығы толықтай заңдастырылды.

Бұдан басқа, Қ.Юсупов биыл мемлекеттік кірістер комитетінің «Атамекен» ҰКП қаржылық қолдау көрсететін «Чек талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясының шеңберінде тағы да көлік ойнататындығын хабарлады.

Өткен жылы Қазақстанда осы акцияға 2 млн-нан астам адам қатысып, 10 млн-нан астам чек ұсынған. 200-ден астам сыйлық (тұрмыстық техникалар мен гаджеттер), соның ішінде басты сыйлық – Chevrolet маркалы көлік ойналды. Акция нәтижесінде заңсыз жұмыс істеген тоғыз мыңнан астам жеке кәсіпкерлер анықталып, салық есебіне қойылған. Сегіз мыңнан астам бақылау-кассалық аппараттар тіркелген. Басты мақсат та осы болатын.

Биыл акция 1 қазанда басталды, ол 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Енді ол электронды форматта көлеңкелі экономикамен күресуге арналған Wipon ұялы қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Wipon қосымшасы таза қазақстандық өнім болып табылады. Оны тегін жүктеп алуға және смартфондардың барлық түрі мен басқа гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға қатысу үшін фискальды чектің фотосуретін жолдау керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор
27 қазан 2016, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.