Атырау, 9 мамыр 02:28
 ашықВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Аудан жаңалықтары

1 784 просмотра

Индер ауданы

Индер ауданында сүдігер жер жырту жұмыстары жүруде.

- Биылғы жылы 49 егінші 1 248 гектарға егін еккен болатын. Биыл егін өнімдерінің түсімі жақсы болды. Енді дала еңбеккерлері күзгі сүдігер жер жырту қамында, - дейді Индер ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәулет ЕСЕТОВ. - Күзгі сүдігерге аудан бойынша 350 гектар алқап ілігіп отыр.

Жұмысты қарашаның ортасына дейін аяқтауға жұмыстануда.

***

Мақат ауданы

Биыл Доссор поселкесінің емханасына Талдықорған және Шымкенттен келген терапевт, оташы және жалпы практикалық дәрігер жұмысқа алынды.

Мақат аудандық аурухананың бас дәрігері Батырбек ОҢДАСЫНОВТЫҢ айтуынша, бұл мамандардың келуімен аудандағы дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесі толығымен шешілген. Оларды баспанамен қамту мәселесімен аудандық әкімдік айналысуда.

Қазір ауданда 35 дәрігер және 197 медбике бар.

***

Жылыой ауданы

Жылыой қысқа дайын, деп сендіреді Жылыой ауданы-ның жылу берушілері.

Құлсары қаласындағы 225 көпқабатты үйдің 87-сі орталық жылу қазандығына қосылған, ал қалған 138-і дербес жылу қазандығымен жылытылады. Қысқа дайындық барысында 20 мектепте, 4 мектептен тыс мекемеде және 13 балабақшада коммуникациялар жөндеуі жүргізілді.

- Орталық жылу қазандығы, құбырлар, су көтеру стансалары, КНС-тер жөндеуден өтті. Мектептерде кейбір жылу құбырлары ауыстырылды, - дейді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ернар ЫСМАҒҰЛ. - Жөндеу ісін «ТезВодЭлектромонтаж» және «ДоминоГрупп» ЖШС-тері жүргізді. Бүгінде орталық және мектеп, балабақшалардағы жылу қазандықтары толықтай іске қосылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.