Атырау, 18 қазан 03:31
 дождьВ Атырау +14.9
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Аспап тағы да шектен асты

2 458 рет қаралды

21 қазан күні таңертең Авангардтағы 4-ықшамаудан тұрғындары «АЖ»-ға хабарласып, химиялық зат пен мұнай өнімдерінің өткір иісіне шағымданды. Редакция Атырау облыстық экология департаментіне шығарынды көзін табу өтінішімен кезекті сұранысын жолдады.

25 қазанда жауап келді. Онда 19 қазанда таңертеңгі сағат 6-да АМӨЗ периметрі бойынша орналасқан ауа сапасының мониторингтік станцияларының бірі ауада шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) деңгейінде күкіртсутектің бар екендігін көрсеткенін, ал келесі күні таңертеңнен түн ортасына дейін осы аспаптар 1,25-6,5 есе ШРК-дан асатын көлемде күкіртсутекті тіркегендігі айтылған. Экологтар зауытта жоспардан тыс тексеру жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатқандарын хабарлап, нәтижелері туралы хабарлауға уәде етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қазан 2016, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.