Атырау, 28 қараша 08:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көгершіндерді тордан босатып жіберді

Сурет
4 701 просмотра


Бүгін таңертең Атырауда қазіргі уақытта №2 қалалық сотында соттары өтіп жатқан қоғамдық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНДЫ қолдау бойынша флешмоб өткізу үшін он шақты қала тұрғындары Жеңіс бағына шықты.

Белсенділерді қолдау тобының жоспарына бақ қақпасы алдында тұрған полиция қызметкерлері кедергі келтірді. Бақ ішінде де штаттық киімдегі адамдар кезекшілік етіп тұрды.Сирек жүргіншілер арасынан Атырау қалалық жергілікті полицей қызметінің бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ та байқалды. Флешмоб өткізуді бұзбас үшін және полицейлердің назарын аудармас үшін адамдар өз акцияларын жағалау бойында өткізуді ұйғарды. Алайда олармен бірге акция өткізетін жаңа орынға ғажайып күшімен Жеңіс бағынан штаттық киім киген адамдар да бірге келді. Акция барысында олар жақын жерден, үнсіз ғана болып жатқан жағдайды бақылап тұрды.

Флешмобқа қатысушылар жағалауда әйгілі «Ақ көгершін» әнін шырқады. «Макс пен Талғатқа бостандық!» деп ырғақпен дауыстап, көкке екі ақ көгершін ұшырды.

- Бұл бүгінгі күні немен айыпталып отырғаны белгісіз, Макс пен Талғатты қолдауға арналған таза символикалық акция. Біз Макс пен Талғат та бостандықта болуы тиіс деген белгі ретінде көгершіндерді тордан шығарып жібердік, - дейді акция қатысушыларының бірі.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

23 қазан 2016, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.