«Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының «Сұңқар» шекаралық кемесінің экипажы Жайық өзенінің сағасынан Қазақстанның үш азаматы мінген моторлы қайықты тоқтатты, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекаралық қызметінің баспасөз қызметі.
Жүзгіш құралы «Ямаха-40» қозғалтқышымен жарақталған. Қайықтан жалпы салмағы 47 келі болатын 17 бекіре тұқымдастар, 260 келі қара балық тұқымдастар,
Ұстау фактісі бойынша Атырау облыстық ІІД өкілдеріне хабарланды. Бекіре балықтары Атырау бекіре балығын өсіру зауытына, қара балықтар – «Надежда» ЖШС-не жіберілді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ