Атырау, 28 қараша 08:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көлік апатын жасаған сержант әріптестерін күтпеді

2 623 просмотра


18 қазанда Баймұханов-Семей көшелерінің қиылысында полиция қызметкері жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

4 жасар сәбиін балабақшадан алып келе жатқан жас әйел жаяу жүргінші өткелінен өте берген кезде, оларды алдыңғы нөмірі жоқ «Лада Приора» көлігі қағып кеткен. Жүргізуші оқиға болған жерден кетіп қалады.

Куәгерлердің айтуынша, рөлде отырған адам жаяу жүргінші өткеліне келгенде тежегішін баспағанымен қоймай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Әйелдің оң жақ қолының шынтағы сынған. Сәби қатты қорқып кеткен, бірақ, бағына қарай, зақым алмаған. Куәгерлер «жедел жәрдем» шақырды, медиктерден кейін полиция келді. Кешікпей апат болған жерге кінәлі тұлға жаяу оралды. Ол Мақат АІІБ-нің 24 жастағы полиция сержанты болып шықты. Әріптестерімен қысқа ғана сөйлескен ол апат жасаған көлігін де айдап әкелді.

18 қазанда шамамен сағат 18-де реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінде Доссор поселкесінің тұрғыны сақтық шараларын алмай жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. 1991 жылғы әйел мен оның 2012 жылғы сәбиі дәрігердің тексеруінен өтіп, қажетті көмек алғаннан кейін үйлеріне жіберілді, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – Тергеу ісімен ІІД анықтау бөлімі айналысуда. Сот-медициналық сараптама зақымның ауырлық деңгейін анықтайды, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар алынады, яғни, бұл әрекет қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық па, осы мәселе шешілетін болады. Бұдан басқа, ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы осы факті бойынша қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті куәгерлер жолдады

21 қазан 2016, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.