«ҚазТрансОйл» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 11 қазанынан бастап ұлттық оператор магистралды мұнай құбыры арқылы «Қашаған» кенішінен мұнай қабылдауды бастаған.
Бір апта ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбыры жүйесіне 18,9 мың тонна Қашаған мұнайы қабылданған. Қарашаның алғашқы жұлдыздарында шикізат Атырау-Самара мұнай құбыры учаскесі бойынша экспортқа тасымалданып, Ленинград облысының Усть-Луга теңіз айлағы арқылы тиелетін болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ