Атырау, 13 қазан 07:23
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Зақымдаушы тапаншасы бар бұзақы жүргізуші

2 917 просмотра

№2 Атырау қалалық соты зақымдаушы тапаншасы бар бұзақыға үкім шығарды.

Сот материалдарына сүйенсек, Атырау тұрғыны К. өз көлігімен Экспериментальный ықшамауданындағы «Аспава» мейрамханасына қарай бұрылғанда, екі жаяу жүргіншіні басып кете жаздаған. Ер адамдар жүргізушіге ескерту жасайды, оған жауап ретінде жүргізуші көлігінен атып шығып, олардың бірінің бетінен соғып жібереді. Көмекке екіншісі жүгіріп келген кезде, К. жүргізуші орындығында жатқан зақымдаушы тапаншаны алып, оның аяғынан атып жіберген. Зардап шегушілердің біреуі бетіне жасалған соққыдан, екіншісі зақымдаушы тапаншадан жеңіл дене жарақатын алады.

Сотта К. өзінің кінәсін мойындап, зардап шегушілерден кешірім сұрады. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ол бұзақылық жасауда кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қазан 2016, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.