Атырауда қалалық криминалдық полицияның бұрынғы бастығы мен қалалық ішкі істер басқармасының аға жедел уәкілі ұсталды.
Нұрболат ҚАБДЕШЕВ
Бас прокуратура бұрынғы полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ ғаламторда жарияланған әшкерелеу хаты бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Оны биылғы жылдың мамырында Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Өзбекстан азаматын қатыгездікпен өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.
Бейбіт ШАЛТЕНОВ
Бас прокуратураның тергеу тобы хабарлағандай, 17 қазанда сағат 19-да Атырау қалалық ІІБ криминалдық полицияның бұрынғы бастығы Нұрболат ҚАБДЕШЕВ пен ҚІІБ аға жедел уәкілі Бейбіт ШАЛТЕНОВ ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға екі эпизод бойынша «топ болып пайда алу мақсатында билігін асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ