Атырау, 28 наурыз 18:02
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қызмет кабинеті пара алуға қызмет еткен

3 372 просмотра

17 қазанда Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВА өзінің қызмет кабинетінде пара алу кезінде ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлағандай, оның әлденеше рет пара алғаны анықталған: «Бірқатар кәсіпкерден салық есептілігін ресімдегені, есеп-айырысу шоттарын ашқаны, сонымен қатар ҚҚС бойынша кедергісіз есепке қойғаны... үшін ақшалай қаржы мен материалдық құндылықтар түрінде жүйелі негізде заңсыз сыйақылар алып отырған».

Ол 130 мың теңге көлемінде кезекті сыйақы алу кезінде ұсталды.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

А. Рзағұлова мойындау жауабын беріп, іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 қазан 2016, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.