Атырау, 28 қараша 08:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​«Цифрлар қорқынышты көрінгенмен, ешкім жұмыссыз қалмайды»

2 946 просмотра

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Атырау облысында жұмысшылардың жаппай қысқаруы ықтимал екені туралы мәліметке комментарий берді.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара ДҮЙСЕНОВА Атырау облысындағы мұнайсервис саласында жұмыс істейтін 3,8 мың адамның қысқартуға ұшырауы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Министрлік жұмыстан босайтын жұмысшыларды жұмысқа орналастыруға арналған екі механизмді әзірледі. Біріншісі Атырау мен Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылатын ТШО Келешек Кеңею Жобасына байланыстырылған. Бұл ретте, кәсіпорынның өз ақпараты бойынша, 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл жоба кідірген жағдайда, үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, «Бизнестің жол картасы» және «Агробизнес-2020» бағдарламаларының аясында екінші нұсқа жасақталған.

Жұмыстан босату туралы ақпаратты NCOC консорциумы мердігерлердің мәліметтері негізінде ұсынды. Қызметкерлердің келісімшарт мерзімдері аяқталуда, біреулері кетуге жиналған. Бірақ бұл адамдар жұмыссыз қалады деген сөз емес, - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА. Бұл әдеттегі практика – бір жұмыс көлемі аяқталса, екіншісі басталады. Бір жарым мың адамды NCOC өзінің басқа жобаларына жұмысқа орналастырмақшы. Қалғандары ТШО-ның Келешек Кеңею Жобасына кетеді.

Г.Аманғалиеваның айтуынша, биылғы жылдың аяғына дейін 2 490 адамды жұмыстан босату жоспарланып отыр. Оның 1,5 мыңы NCOC жобаларына, қалғандары ТШО жобасына жұмысқа орналастырылады.

– Бірақ министр басқа цифрларды атады ғой, ол 2 490-ға қарағанда едәуір көп.

– Жыл аяғына дейін 2 490 адам, тағы 1 314 адам – келесі жылы босайды. Бұл сандар бір қарағанда қорқынышты көрінеді, алайда ешкім де жұмыссыз қалмайды. Біз ТШО-ға сауал жолдадық, кәсіпорын бізге ККЖ-да 17 мыңнан астам адамның жұмыс жасайтындығы туралы мәліметті ұсынды. Келесі жылы Келешек Кеңею Жобасы басталады, биыл әзірлік жұмыстары жүріп жатыр.

Министр жұмысқа орналасудың басқа да нұсқаларын еске салды. Атап айтқанда, ҮИИД, «Бизнестің жол картасы» және «Агробизнес-2020» бағдарламаларының аясында.

– Біз де сақтық жасаймыз. Егер әлдебір себеппен үлкен жобаларда көп көлемде жұмысқа қабылдаулар жүргізілмесе, біз адамдарды мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыспен толықтай қамтитын боламыз. Бұлар – үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, өңірлерді дамыту бағдарламасы, жұмысқа орналастырудың жергілікті бағдарламалары. Жергілікті компаниялар бізге үнемі бос орындар тізімін жолдайды, олар тұрақты түрде жаңарып отырады.

– Бұл уақытша жұмыс орындары ма, әлде тұрақты жұмыс орындары ма?

– Уақытша да, тұрақты жұмыс орындары да бар. Бүгінде компанияда бір көлем орындалса, жұмысшылар босатылып, келесі кезеңге кетеді. Бізге көп көлемдегі бос орындар туралы үнемі сұраныстар түседі. Біз оларды жұмыспен қамту органдарына жолдаймыз. Жұмыссыздардың барлығы жергілікті жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу үшін көмек алуға жүгіне алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 қазан 2016, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.