Атырау, 28 қараша 08:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Атырау Су Арнасы» фотосуреттер күтеді

Сурет
2 306 просмотра

Қала тұрғындары «АЖ»-ға кәріз жүйесіне вакуумдердің лас суларды төгіп жатқанын дәлелдейтін суреттерді жолдауды жалғастыруда. Бұл суреттер Нұрсая мен Алмагүл ықшамаудандарында түсірілген.

«Мен Нұрсаядан кәріз жүйесіне ықшамаудан төңірегіндегі жеке сектордың септиктерінен шығарылған лас суларды төгіп жатқан вакуумшілерді жиі көремін. Осы себепті көшеде тыныс алу мүмкін емес. Бұл бассыздық қашан тыйылады?»

«14 қазанда Алмагүл ықшамауданындағы мектептің жанынан өтіп бара жатып, құдыққа лас су төгіп жатқан көріністі байқадым. Иісі әлі кетпей тұр... 626 АК деген мемлекеттік нөмірі бар машина төгіп кетті, қасында тағы бірнеше машина кезектерін күтіп тұрды. КамАЗ есігінде «АтырауСуАрнасының» эмблемасы бар. Өткен жылы қала аумағында лас суларды төгуге сот шешімімен тыйым салынған еді. Ал бұл жерде мектеп пен перзентхана жанына төгіп жатыр».

Бұл фотосуреттер осындай жазумен жолданған.

Ал 17 қазанда «АтырауСуАрнасы» КМК баспасөз хабарламасын таратты. Онда тәулік бойына 45-47-11, 45-47-18, 45-47-45, 45-47-47 телефондары қосулы тұратын кәсіпорынның «Қауырт желісінің», сонымен бірге, «Сұрақ-Жауап» қызметі бар www.suarnasy.kz сайтының атышулы WhatsApp мессенджеріндегі +7702 0000 653 нөмірімен толыққандығы хабарланған. Нөмір қоңырау шалу үшін емес, қала тұрғындары апаттардың, кәріз құдықтарына заңсыз су төгіп жатқан және кәсіпорын қызметіне қатысты басқа да жайттар туралы фотосуреттерді жолдауға арналған. Кәсіпорын мамандарына әлеуметтік Instagram желісінде Atyrausu парақшасы арқылы да шағымдар жазуға болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қазан 2016, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.