Атырау, 28 қараша 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Ау майлансын!

2 185 просмотра

Құрманғазы ауданының балықшылары күзгі балық аулау науқанына қызу кірісіп кетті.

Биыл «Каспий-Балық», «Каспий таңы» өндірістік кооперативтері, «Ақсу-Қиғаш», «Ш.Сүлейменов» ЖШС-тері, «Е.Сәрсенбаев» шаруа қожалығы үшін 5 037 тонна лимит бөлінген.

Жыл басынан бері 2 887,7 тонна балық ауланған.

Балық өнімдерін өңдейтін «Caspian Fish Atyrau» ЖШС мен «Каспий-Балық» ӨК балық өңдеу зауыттары ауысымдық негізде жұмыс жасауда.

- Осы кезеңде «Каспий-Балық» ӨК-іне қарасты Шортанбай балық өңдеу зауытында 400-ге жуық адам еңбек етіп, жылына 2 000 тонна балық өнімдерін өндіреді. Оның басым бөлігі ТМД елдеріне саттыққа жіберіледі, - дейді Құрманғазы ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Махмуд ЖАНҚАНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қазан 2016, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.