Атырау, 13 қазан 07:25
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Әккі алаяқ Құран ұстап ант берген

3 193 просмотра

Атырау қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-тармағымен («Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық») қалада тұратын 48 жастағы әйелге қатысты үкім шығарды.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушы (айтпақшы бұрын алаяқтығы үшін үш рет сотталған) мемлекеттік бағдарламамен үй алып беремін деп, бір әйелдің 1 млн 500 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен. Дәл осындай жолмен алдап, тағы бір әйелдің 1 млн теңге ақшасын қалтасына басқан. Тағы да екі әйелге белгілі бір сомаға банктен несие алып беруге көмектесемін деп алдап кеткен.

Бір қызығы, ол адамдарға алдамаймын деп, Құран ұстап ант берген екен.

Қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Лаура АСАНОВА хабарлағандай, сот оны айыпты деп танып, мүлкін тәркілеумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қазан 2016, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.