Атырау, 5 желтоқсан 13:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ішінде сіріңке емес, «шөп» болған

4 516 рет қаралды

№2 қалалық соты 34 жастағы қала тұрғынын марихуана сатқаны үшін 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сот материалдарына сәйкес, ЖШС-дің бірінде механиктің көмекшісі болып жұмыс істейтін әйел сіріңке қорапқа салынған 1,75 грамм марихуананы сату кезінде ұсталған. Ол тергеушіге мұны материалдық жағдайын көтеру үшін жасағанын түсіндірген.

Қалалық прокуратураның бөлім прокуроры Лаура АСАНОВАНЫҢ айтуынша, әйелдің үстінен ҚР ҚК-нің 5 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды көздейтін 297-бабы 1-тармағы («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот оның кәмелет жасына толмаған екі баласы барын ескеріп, оған ҚК-нің осы «ауыр» бабы бойынша ең төменгі жаза тағайындады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қазан 2016, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.