Облыстық аурухана базасында тұмаудың алдын алу шаралары туралы медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті.
Баяндамашылар хабарлағандай, тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі вакцина салу болып табылады. ДСҰ ұсынысы бойынша, тиімді болу үшін тұрғындардың кем дегенде 10-15 пайызы вакцинамен қамтылуы тиіс. Вакциналаудың оңтайлы мерзімі – 1 қазаннан бастап 10 қарашаға дейінгі аралық. Иммунитет 2-3 аптадан кейін түзіледі.
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинаның 4 түрі тіркелген: «Инфлювак» (Нидерланды), «Ваксигрипп» (Франция), «Флюарикс» (Бельгия), «Гриппол» (Ресей). Жергілікті бюджеттен 26 млн теңге бөлініп, 30416 дозасы сатып алынған. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, иммунитет тапшылығы бар, әлсіз және жиі ауыратын балалардың, медицина қызметкерлерінің және жүкті әйелдердің тегін вакцина ектіруге мүмкіндіктері бар.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ