Атырау, 28 қараша 08:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Тұрғындарға арналған әткеншектер қайда?

Сурет Бейнежазба
2 029 просмотра


Атырауда тұратын әр адам қала көшелерінен жаттығу алаңдарын көрген шығар. Көбінесе олар тұрғын үйлердің аулалары мен бақтарда орналасқан.

Қарапайым адамдарды қолжетімді «темірлермен» жарақтау идеясын Қазақстан Кеңес дәуірінен кейінгі басқа елдер секілді қытайлықтардан алған. Ол жақта денсаулық аймағы деп аталатын осындай алаңдар көп. Ал оларға деген тұрғындардың қызығушылығы өте жоғары, жасы да, кәрісі де бұлшықеттерін шынықтырғанды жөн көреді.

Бастапқыда бізде де көпшілігі денсаулықтарын тегін жақсарту мүмкіндігіне шабыттанды. Бірақ ұзаққа созылмады. Жаттығу алаңдары туралы ұмытты деуге болады. Оларды қалың арамшөптер басып (мәселен, Авангард, 2 ықшамаудан, 23 «а» үй), тоттанып, жарамсыз болып қалды (Қайырғали Смағұлов аллеясы). Шындығында, бұл қалалық ТКШ қызметкерлерінің жауапкершілік аймағы. Олар бақылауға алып, жөндеу жүргізіп, мотивациялық роликтер жіберіп, жағдай жасауы тиіс. Ал қала мүлкін бүлдіретіндерді (ондайлар аз емес) ұстап, ірі айыппұлдар салу керек.

Қалалық ТКШ бөлімі біздің сауалымызға жауап берді. Атырауда осындай 33 алаң бар және оларға бақылау былай жасалады: егер оңдап-жөндеу туралы өтінішпен тұрғындар немесе ПИК төрағасы қоңырау шалса, ТКШ дереу әрекет етеді. Ауладан тыс орналасқан алаңдарға Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны жетекшілік етеді. Тұрғындарға арналған әткешектерді жаңарту және оларды көбейтуге қатысты биыл қаржы бөлінген жоқ.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

13 қазан 2016, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.