Атырау, 28 қараша 08:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Баршаға ашық орталық

1 810 просмотра

Мақат поселкесінде көру қабілеті бойынша мүгедек балаларға арналған білім беру орталығын ашты.

Бүгінде Мақатта бұл мектепке дейінгі бірден-бір жеке мекеме. Орталыққа 3-тен 6 жасқа дейінгі 50 бала келеді. Ал жақында қажетті жағдай жасалған соң топтарға мүгедектігі бар балалар да қабылдана бастаған. Кәсіпкер Тыныштық ЕЩАНОВАНЫҢ өзі мүгедек жан. Сондықтан да ол мүмкіндіктері шектеулі жандарды, соның ішінде, балалардың проблемасын жақсы түсінеді. Бұрын Тыныштық ауыл шаруашылығымен айналысқан, ғалым-агроном болған. Алайда, көзінің сырқаты үдеген соң өз жұмысын тастауға мәжбүр болыпты. Бірақ, бұл әйел жұмыссыз отыруға үйренбеген, мемлекеттен 3 миллион теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант алған ол өз орталығын ашты. Мақат ауданында даму ерекшеліктері бар 80-нен астам бала тұрады, олардың барлығы да – орталыққа ықтимал келушілер. Үш оқытушы оқыту курстарынан өтті. Бүгінде бұл жерге қажетті жабдықтар, әдістемелік құралдар мен құрал-саймандар алынуда.

- Ерекше балалардың көпшілігі ата-аналарының оқытуға ақшалары болмағандықтан үйлерінде отыр. Ал бізде олар үшін үлкен жеңілдіктер бар. Бұл балалардың дені сау құрдастарымен араласа алулары маңызды, - дейді Т.Ещанова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.