Атырау, 28 қараша 08:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сүйіспеншілікпен біздер үшін

3 029 просмотра

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Сүйіспеншілікпен сіздер үшін – С любовью для вас!» атты алғашқы қалалық инклюзивті шығармашылық фестиваль-көрмесі өтті.

Биылғы жылдың маусымынан бастап «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі ҚР тұңғыш президенті қорының қолдауымен мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылық тұлғасын тәрбиелеуге бағытталған «Инклюзивті шығармашылық – проблемалар мен перспективалар» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. «Мүгедек әлемі» жобаға кенеттен бастамашы болған жоқ –осы салада жұмыс істеген 14 жыл уақыт ішінде бұл жерде өз қамқорлығындағылардың проблемаларымен жете танысқан.

– Басты проблема – қоғам қалай болғанда да, мүгедек балаларды оқшау өмір сүруге мәжбүрлейді. Ерекше қажеттіліктері бар баланың толыққанды дамуы үшін коррекциялық мектептер жеткіліксіз болады. Біздің балаларға әлеуметтену қажет және оны мейлінше ертерек бастаған абзал. Олар шығармашылықпен үлкен ықыласпен және ыждағаттылықпен айналысатын болады. Өйткені, бұл олар үшін анағұрлым қолжетімді болған соң шығар, - дейді «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА. Қоғамдық бірлестік өз тарапынан қолынан келгенін жасауда. 2013 жылы «Баламай Атырау» атты Әлеуметтік бейімдеу және дамыту орталығын ашты. «Оқушы орталығы» және «Жас натуралистер станцияларына» дамуында ерекшеліктері бар балалар келуі үшін қажетті жағдайлар жасауға тырысуда. Бұл мекемелер жоба бойынша қоғамдық бірлестіктің серіктестері болып табылады. К.Нұржігітованың айтуынша, балаларды түрлі орталықтарға апарған кезде олар балалардың өмір сүру кеңістігін кеңейтуге, оларды психологиялық және әлеуметтік оқшаулаудан шығаруға тырысады.

Фестиваль «Мүгедек әлемі» ұйымының «визиттік карточкасынан» - Саяжан САЯСАТ пен Жұмабай ЖҰМАҒАЛИЕВТЫҢ орындауындағы арбадағы бимен басталды. Бұл хореограф Гүлсина БАЙКЕНОВА жетекшілік ететін «Безграничные возможности» би мектебінің өкілдері. Фестивальдың құрметті қонағы – ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін еліктеу үлгісі болып табылатын зағип әнші Смадияр МЫРЗАҒАЛИЕВ болды. №20 мектеп-гимназиядан «Перизат» тобы «Қазақ биін» орындады. Соқырлар қоғамынан фестивальға қатысушылар кеңейтілген бағдарлама дайындапты. Олар танымал қазақ композиторларының әндерін орындады. Гагарин атындағы №4 мектептің 2-ші және 4-ші инклюзивті сыныптарының оқушылары «Репка» ертегісі бойынша қойылым көрсетті. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық коррекциялық мектеп-интернаттың «Ару наз» және «Шаттық» би топтары екі би орындап, тағы үш оқушы ишарат тілінде ән орындады. Жоба серіктесі «Мектептен тыс жұмыстар орталығы» көрермендер назарына «Туған ел» дуэті мен «Абзал ана» триосының орындауында екі нөмір ұсынды.

Фестивальдың басты ерекшелігі – оған ерекше қажеттіліктері бар балалар да, басқа балалар да – олардың сыныптастары, достары, шығармашылық ұжымдар қатыса береді. Бірлескен шығармашылық мүмкіндіктері шектеулі балалардың өз құрдастарымен жақындасуына, өзара түсінісулеріне септігін тигізеді. Өйткені өнер әлемі түрлі өзгешеліктерді жоюға қабілетті. Ал бұл ерекше балалар үшін өздерін сахнадан көрсету, өз жұмыстарының нәтижесін (әдеттегідей тек ата-анасымен ғана емес) жалпақ жұртпен бөлісу, өздеріне таныс емес адамдардан мақтау алу үшін үлкен мүмкіндік.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.