Атырау, 13 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жылыой жолдары жөнделуде

2 627 просмотра

Жылыой ауданында жолдарды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгінде Құлсары қаласындағы 11 300 шаршы метр автомобиль жолдарына (Махамбет даңғылы, Тоғызыншы және Бесінші ауыл ықшамаудандары) жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмысын «Атырау-Көлік» ЖШС жүргізген болатын.
Қазір «ПНГС», «СМП-165», «СМП-224» ықшамаудандарының жолдары жөнделуде. «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша «Казкомсервис» ЖШС қаланың «Алтыншы ауыл», «Жетінші ауыл», «Кең Жылыой» ықшамаудандарында автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда.

Аудандағы Жаңа Қаратон поселкесінің 2 км кірмежолының 80 пайызы жөндеуден өткен, ал 10,7 км болатын Шоқпартоғай ауылының кірмежолын жөндеу жұмысы осы айда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, «Құлсары-Ақкиізтоғай» автомобиль жолы жөндеуден өткізілуде. Бүгінде соның 15 км жолы жөнделіп болған. Жалпы жұмыстар 2017 жылы бітеді деп күтіліп отыр.

- Осы жылы Құлсары қаласындағы Сариев пен Нұрманов көшелерін қосатын автокөлік көпірін салу үшін жобалық-сметалық жобасы жасақталатын болады. Бұл орталық Махамбет даңғылы бойындағы автокөлік жүктемесін азайтып, кептелістен құтқарады деп отырмыз, - дейді Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ернар ЫСМАҒҰЛ. - Сонымен қатар, қаланың 83 шақырым автомобиль жолдарын қайта салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ол дайын болған соң «Вокзал», «Жадырасын», «Достық», «Барлаушы», «Кең Жылыой», «Автожолшылар», «2 ескі ықшам ауданы» ықшамаудандары мен Бірінші, Екінші, Төртінші, Сегізінші, Тоғызыншы ауылдарға жаңа жолдар салынатын болады. Сондай-ақ, Жаңа Қаратон поселкесінің 38 км жолын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжатты жасақтау көзделуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.