Атырау, 10 желтоқсан 16:58
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Сақталған картоп қоймадан шығарылды

4 416 просмотра

Жаңа жылдан кейін картоп Қазақстанның барлық аймағында күрт қымбаттап кетті.

Жаңа жыл қарсаңында «екінші нанның» келісі 150 теңгеге дейін көтерілді. Бұл жаппай салат дайындауға байланысты сұраныс көбейгендіктен базарда орын алатын әдеттегі құбылыс деп қабылданған болатын. Алайда картоп Рождестводан кейін де арзандаған жоқ. Сөйтсе, «картоп дағдарысы» республикалық ауқымда жүріп жатыр екен.

Қаңтардың бірінші онкүндігінде Атырауға Ақтау теңіз портынан ирандық картоп әкелінген болатын. Ол базарларда келісі 160 теңгеден, ал супермаркеттерде 191 теңгеден сатыла бастады.

Ең бастысы, осы уақыт бойына Бірінші учаскедегі жылыжаймен қатар 1,4 млрд. теңге бюджет қаржысына салынған типтік көкөніс сақтайтын қоймада Талдықорғаннан келісі 70 теңгеден сатылып алынған 3 мың тонна картоп сақталған еді. 

Қойманы тек 17-ші қаңтарда ғана ашты. Бұл картоп алыпсатарлар арқылы Қазақстанның басқа аймақтарына кетіп қалмас үшін облыс әкімдігінде картопты қалаға аз партиямен келісін 100 теңгеден жіберу туралы шешім қабылданған.

Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢайтуынша, алғашқы күні көкөніс қоймасын басқаратын «Осерис Нитра» ЖШС қоймасынан «Атаба», «Идеал» супермаркеттерінің желісіне, «Көктем», «Насиха» базарларына бір тоннадан, «Дина» базарына 7 тоннадан тиеп жіберген. Шенеуніктің айтуынша, арзан картоп Канцев көшесі мен Авангардтағы «Атабада», «Лидер» супермаркетінің желісінде - «Идеалда» және «Динада» - ет пен кілем павильонының арасындағы азық-түлік павильонында сатылатын болады.

Өнімге қатысты алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында облыстық әкімдік әлеуметтік өнімнің жанында болуы тиіс арнайы баға көрсеткіш жасап шығарды (суретте). Осы өнімдерді сату кезінде теріс пайдалану фактілері орын алған жағдайда қала тұрғындары қалалық әкімдіктің 32-73-19, 32-06-97 сенім телефондарына қоңырау соға алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.