Атырау, 18 желтоқсан 13:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Матаевтың ісі жөніндегі төраға қорғаушыларға аппеляциялық шағым түсіруге кедергі келтіруде – адвокат

4 901 просмотра

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың сотында сот төрағасы болған Ақболат Құрмантаев қорғаушыларға аппеляциялық шағым беруге кедергі келтіруде, деп мәлім етті адвокат Андрей Петров.

«Қазақстан Республикасының ҚПК 402-ші бабын бұза отырып, сот «Үкімнің» қарар түріндегі бөлігі ғана жарияланып, ал «Үкімнің» көшірмесі қорғаушыларға берген жоқ. Сот қорғаушылар жағына үкімнің ақтық түрі 2016 жылы 18 қазанда тапсырылады деп жариялады, яғни, Қазақстан Республикасының ҚПК 418-ші бабында айтылған аппеляциялық шағым беруге рұқсат етілетін 15 күннен кейін болайын деп отыр. Ол сотталғандардың қорғаушыларына заңсыз сот актілерінің үстінен шағым беру мүмкіндігінен айырады, яғни, ҚР ҚПК 13 бабында қарастырылған құқық бұзылуда», - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне А. Петров сейсенбі күні.

Бұл ретте ол судья кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзды деп қадап айтты.

«Сөйтіп, сот төрағасы ҚР ҚПК-нің 402 бабында өктем түрінде көрсетілгендей, үкімнің толық мәтіні жазылып болмай тұрып сот залына қайтып келді. Үкімнің толық мәтіні жазылып болмай тұрып, сот залына қайта келуі қылмыстық іс жүргізудегі норманың дөрекі бұзылуы болып табылады және осы іс бойынша болған сот қаулысын алып тастауға дербес негіз болып табылады, себебі сот төрағасының мұндай әрекеті кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзу болып табылады», - деп қадап айтты А. Петров.

Одан басқа, А. Петров қорғаушылар жағына үкімнің толық мәтінін бермеу ҚР Конституциясын бұзу болып табылады деді.

«Ақтық «Үкімнің» мәтінін бермеу ҚР Конституциясының 13 бабында қарастырылған сотталғандардың құқығын едәуір шектейді, ал оған ҚР Конституциясының 39 бабына сай ешбір жағдайда жол берілмеу керек», - деді ол.

Еске салсақ, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Матевтардың адвокаттары үкіммен келіспейтіндерін және оған шағымдануға ниетті екендерін мәлімдеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 қазан 2016, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.