Атырау, 19 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Сантехниктер құдық ішінде уланып қалған

3 966 просмотра

Image 0

«Атырау Су Арнасы» КМК-нің екі қызметкері қайғылы оқиға салдарынан ауруханаға түсіп, оның бірі көз жұмды.

«Атырау Су Арнасы» төтенше жағдайды растады. Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, «8 қазанда шамамен сағат 18-де екі қызметкер демалған күндері жеке тұлғаның өтінішімен Әлиев-Құрманғазы ықшамауданында орналасқан кәріз құдығында сантехникалық жұмыстар орындаған. Жұмыстарды орындау барысында олар сол жерге жиналып қалған газға уланып, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылады. Кейінірек зардап шегушілердің бірі көз жұмды». Баспасөз қызметіндегілер «бұл жағдайдың жұмыстан тыс кезде орын алғанын, жеке сипатта болғанын және коммуналдық қызметтің кәсіби міндетін орындаумен байланысты еместігін» атап өтті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қазан 2016, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.