Атырау, 28 қараша 08:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудағы қала күні

Сурет Бейнежазба
2 281 просмотра

Биыл Атырауда қала күні бұрынғы жылдарға қарағанда дүбірлетіп өткізілді.

Отандық эстрада жұлдыздары Төреғали ТӨРЕӘЛІ, Кәмшат ЖОЛДЫБАЕВА, Фарида ЖОЛДАСОВАЛАР өнер көрсеткен драма театр алдындағы және Привокзальныйдағы С.Мұқашев алаңындағы екі үлкен концерт басты оқиғаға айналды. Әндері қазіргі кезде әр плейерде дерлік жиі айтылып жүрген әншілерді көру үшін бірнеше мыңдаған адам келді. Әртістер сахна сыртында дайындық жасап тұрған кезде, жиналғандарды облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ және Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада жүлдегерлері Василий ЛЕВИТ пен Әділбек НИЯЗЫМБЕТОВ құттықтады. Атап айтқанда, өңір басшысы диалог алаңын құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ол арқылы әр тұрғын онлайн режимде кез келген білгісі келген сұрақтарына жауап ала алатынын хабарлады.

Осыған дейін облыстық әкімдік ғимаратына қарсы өзен бетінде сазды бұрқақ іске қосылды. Ал орталық көпірдің түбінде мұнай өндіруші саланың символы ретінде – тербелме-станок салтанатты түрде ашылды. Мерекенің соңындағы отшашуларды қаланың үш нүктесінен: орталық көпір түбінен, драма театр алдындағы алаңнан және «Мұнайшы» стадионына жақын маңнан тамашалауға болатын еді.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

9 қазан 2016, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.