Қызылқоға ауданы Ойыл ауылдық окуругіндегі малдарды пастереллез дертіне қарсы егу жұмыстары жүріп жатыр.
Біз бұдан бір апта бұрын осы ауылдық округте пастереллез індеті туралы жазған болатынбыз. Бүгінде пастереллезден өлген қойдың саны 500-ге жуықтаған.
- «Жасқайрат» ЖШС 5 мың вакцинаны өз ақшасына сатып алып, қазір малдарын егу жұмыстарымен айналысуда. Ал жергілікті тұрғындардың малдарын егу және аула-қораларды дезинфекциялау жұмыстарымен эпизоотряд қызметкерлері айналысады, - дейді Қызылқоға ауданы ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай ЛАТИЕВ. – Ойыл ауылдық округі аумағында малды және оның өнімін сыртқа шығарып сатуға, мал қосуға уақытша тыйым салынады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА