Фото: ReutersАҚШ-тың Джорджия штатының губернаторы Флоридаға "Мэтью" дауылы соғып, солтүстікке қарай жылжуға бір тәулік қалғанға дейін Атлант мұхиты жағалауындағы алты округтің жарты миллионға жуық тұрғынын күшпен эвакуациялауды бұйырды. Бұған дейін Флорида мен Оңтүстік Каролина штаттарында да эвакуация жарияланған,- деп хабарлады Азаттық.
Таяуда ғана төртінші категория берілген бұл дауыл соңғы он жылда тұратын ең қатты дауыл болады және оның салдары екі миллион адамға тиюі мүмкін деп болжанып отыр. Дауылдан сағатына 250 километрге жететін күшті жел тұруы мүмкін.
Болжам бойынша, "Мэтью" Флорида жағалауына 6 қазан күі кешке жетіп, одан соң Джорджия мен Оңтүстік Каролинаға қарай жылжиды. Бұған дейін Гаити, Куба және Багам аралдарынан өткен дауылдан Кариб бассейнінде 16 адам мерт болған.
Дереккөз: Аzattyq.org