Атырау, 5 желтоқсан 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Жасөспірімді жұмысқа алған

2 290 рет қаралды

Сотта Атырау қаласындағы мейрамханалардың бірінің әкімшісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 132-бабына сәйкес ("Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру») әкімшілік іс қаралды.

Қысқаша айтқанда, 28 тамызда полицейлер жүргізген рейд барысында мейрамханада 15 жастағы жасөспірімнің даяшы болып жұмыс істеп жүргені анықталды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, мейрамхана әкімшісі кінәлі деп танылып, оған 21 АЕК (44 541 теңге) көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қазан 2016, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.