Атырау, 27 қараша 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Емельяненко Рамзан Қадыровтың ұлдары қатысқан ММА жекпе-жектерін сынады

1 669 просмотра

Фото: © meduza.ioРесейдің ММА одағын басқаратын танымал спортшы Федор Емельяненко Грозныйда өткен Grand Prix Akhmat 2016 турнирінің жекпе-жектерін сынға алды. Бұл жекпе-жектерге балалар, соның ішінде Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған үш ұлы қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Ресейдің ММА одағы аясында өткен жарысқа ереже бойынша 12 жасқа толған балалар ғана қатысу керек болатын. 21 жасқа дейінгі спортшылар денеге жабысып тұратын синтетикалық материалдан (рашгард) тігілген футболка мен қорғаныс амунициясын киюі қажет. Емеляненконың айтуынша, Грозныйда өткен жекпе-жектер ересек кәсіби спортшыларға арналған ережелер бойынша өткізілген.

"Бұл балаларға жарамайды. 12 жасқа дейінгі балаларға ММА ережесі бойынша, жекпе-жекке мүлде қатысуға болмайды. Кешегі Грозныйда өткен турнирде орын алған жайттарды ақтап алуға келмейді. Онда 8 жастағы балақайлар мәз болып отырған ересектердің көзінше бірін-бірі төпештейді. Балалардың денсаулығына зиян келтіріп жатқанын тамашалаудың не қажеті бар?! Осының бәріне Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қарап отырғанына ашуым келді", - деді Емеляненко балалар жекпе-жегін "Матч.Боец" арнасында тікелей эфирде көрсеткеніне таңданысын білдіріп.

Айта кетейік, балалардың қатысуымен болған жекпе-жектер Грозныйда 4 қазанда өтті. Турнирге Рамзан Қадыровтың үш ұлы (10, 9 және 8 жастағы) қатысты. Үшеуі де жеңіске жетті. Жарыс Қадыровтың туған күніне қарсы өткізілген, ол 5 қазанда40 жасқа толған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 қазан 2016, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.