Атырау, 27 қараша 10:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Франция Ресей мен АҚШ-ты Сирия жөніндегі жаңа қарарды қолдауға шақырады

2 473 просмотра

Франция Сириядағы қақтығысты тоқтату және Алеппоға гуманитарлық көмек жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі өзінің қарары жобасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін қабылдатуға ұмтылып жатыр. Ресей сыртқы істер министрлігі министр Сергей Лавровтың 6 қазанда Мәскеуде Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Айромен (суретте) кездесетінін растады,- деп хабарлады Азаттық.

Ресей билігі Сириядағы қақтығысқа қатысты Мәскеу мен Батыс елдері арасындағы шиеленіс күшейе түскен тұста өтетін келіссөздің бағдарламасын жариялаған жоқ. Франция сыртқы істер министрлігі Айро Ресейді Қауіпсіздік кеңесінің жаңа қарарын қолдауға көндіруге тырысатынын айтты. Айроның сөзіне қарағанда, ол Лавровқа Алепподағы жағдай мүлдем нашарлағанын және бұдан ары жалғастыруға болмайтынын мәлімдемек. Айро 7 қазанда АҚШ билігін қарарды қолдауға көндіру үшін Вашингтонға барады.

АҚШ қазанның басында Ресеймен Сириядағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөзден шығатынын мәлімдеп, Мәскеуді қыркүйекте жанжалды тоқтату және гуманитарлық көмектің қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз ету туралы келіссөз бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамады деп айыптаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

6 қазан 2016, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.