Атырау, 25 қыркүйек 13:51
 дождьВ Атырау +23.3
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Ауылдарда құқық қорғау күшейтілді

1 856 рет қаралды

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВ өңір бойынша жұмыс сапарын жалғастыруда.

4 қазан күні ол Қызылқоға ауданында болып қайтты. ҚР ІІМ келісімімен, Сағыз станциясында поселкелік полиция пункті ашылған болатын. Оның бастығы болып Жұмагелді ХАНГЕРЕЕВ тағайындалды. Бұдан басқа, 3-ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде осы жерден полицияның тірек пункті ашылғаны мәлім етілді. ІІД бастығы учаскелік инспектор Сержан ШАУКЕРОВКЕ жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен бөлінген пәтер кілтін табыс етті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қазан 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.