Атырау, 6 мамыр 14:07
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Алаяқ жұрттың сенімсіздігін пайдаланған

2 149 просмотра

Адамдардың несие алуға немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға деген ықыластарынан пайда көрген алаяқ әйелге 5 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Бізде тегін мемлекеттік баспананы алу оңай емес, барып, міндетті түрде білім беру гранты үшін, пайызы төмен несие үшін, пәтер үшін «майлау» керек деген пікір жойылған жоқ. Алаяқ әйел осыны пайдаланған: зардап шегушіге мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер мен несие алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның ақшасын алып, өзі ғайып болған. Бұрын бұл әйел осындай қылмыстары үшін үш мәрте сотталған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш беріп, ол қанағаттандырылған. Атырау қалалық №2 соты қылмыстық істі ықшамдалған тәртіппен қарады. Алаяққа жалпы режимдегі түзету колониясында 5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 қазан 2016, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.